Тұмаудың алдын алыңыз

283

0

Эпидмаусымда (01.10.2019-09.01.2020 жж.) жалпы облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 5872 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 755,67%00 құраған. Өткен жылдың эпидмаусымымен салыстырғанда аурушаңдық 12%-ға артқан.

Ауруға шалдыққандардың 72,4% (4253) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16,7% (782) 1 жасқа дейінгі балалар.   

Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2019-2020 жж. эпидмаусымына 80 000 доза вакцина сатып алынды.

Бүгінде 78 199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.

Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүзеге асырылды. Жұмыс берушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды. 

Аурудың алдын алу, эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейді.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұмаудың алдын алу бойынша келесі әрекеттерді орындауға кеңес береді:

*Тұмауға қарсы егу жасаңыз.

*Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз.

*Адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде пайдаланыңыз.

*Аурудың белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамаңыз.

*Көшеден және қоғамдық көліктен кейін қолды, мұрын қуысын сабынмен мұқият жуыңыз.

*Үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз.

*Бөлменің ауасын желдетіп тұрыңыз.

*Күнделікті ас мәзірінде С витамині бар өнімдерді мүмкіндігінше көп тұтыныңыз.

*Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттар мен құралдарды пайдаланыңыз.

*Салауатты өмір салтын ұстаңыз, теңгерімді тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<