Тұмаудың кімдер үшін ерекше қауіпті екені анықталды

34

0

Тұмау және оның салдары әсіресе жүкті әйелдер мен аса семіздіктен зардап шегетіндер үшін айрықша қауіпті. Clinical Infectious Diseases журналына мақала жариялаған ғалымдар осындай пікірді алға тартып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маусымдық екпелер әдетте көпшілікке көмектеседі, бірақ соның өзі вирустан толық қорғауға кепілдік бере алмайды. Қауіп-қатер тобына кіретін адамдар осы аурудың алғашқы белгілері білінгеннен-ақ дәрігерге қаранғаны абзал», – дейді АҚШ Вакцинация және респираторлық аурулар орталығының бас дәрігері Тимоти Уйеки (Timothy Uyeki).

Вирустың А, В және С сияқты түрлерінің болуы онымен күресуді қиындатып отыр. Аурудың дәл қай түрі белең алатынын күні бұрыннан болжау өте қиын. Дәрі егудің өзі штамдардың барлығына бірдей иммунитет қалыптастырмайды.

ДДСҰ деректеріне сүйенсек, былтырдың өзінде осы жұқпалы дерттен және оның салдарынан 650 мыңнан астам адам қайтыс болған. Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2005 жылғыдан шамамен үш есе көп.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз