ТМД елдеріндегі 2023 жылғы ең үздік әуежай анықталды

190

0

Фото: airport.by

ТМД елдері арасындағы 2023 жылғы «Жылдың үздік әуежайы» байқауының жеңімпазы белгілі болды.

Бұл байқауды ТМД елдері азаматтық авиациясының әуежай қауымдастығы жыл сайын өткізеді. Биыл Ресей астанасы Мәскеуде қауымдастық мүшелерінің жыл сайынғы есеп беру кездесуінде Минск әуежайына былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ТМД-дағы үздік әуежай» кубогы табыс етілді.

Бұл туралы ақпарат Минск ұлттық әуежайының ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Минск әуежайы ұшақтардың уақтылы ұшуы бойынша әлемдегі ТОП-5 әуежайдың қатарына кіреді. Мұнда ұшу рейстерінің 92,35 пайызы кестеге сай орындалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<