Тоқаев әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттар туралы айтты

250

0

Сарапшылар бақыланбайтын әлеуметтік желілерде жалған жаңалықтардың дендеп кетуі туралы ескертіп отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі қоғам мен БАҚ алдына биік міндеттер қойып отыр. Технологиялық, экономикалық және әлеуметтік ауқымды өзгерістер бұрынғы әдеттер мен таптаурын көзқарастардан арылып, жаңаша ойлауды талап етеді. Президент өзінің Жолдауында цифрлық технологиялардың дендеп енуіне  байланысты қазақстандықтарды жаһандық өзгерістер мен қатерлерге дайын болуға шақырды. Сондықтан цифрландыру идеясының мән-маңызын қалың бұқараға жеткізуде журналистерге аса жауапты міндет жүктеліп отыр. Технологиялық тұрғыдан жаңару бұқаралық ақапарат құралдарына да әсер етуде», – деді Қ. Тоқаев Сенатта байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің меркесіне орай өткен салтанатты жиында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні дәстүрлі БАҚ-ты әлеуметтік желілерден бөліп тастайтын шекаралар да азайып барады. Қазіргі кезде гезеттердің, телеарналар мен радио стансалардың электронды нұсқасының болуы заңды. Олар тіпті, дәстүрлі ақпарат құралдарынан да танымал болуда.

«Қазіргі кезде ақпарат ағымдары үшін мемлекеттік шекара ұғымы жоқ. Жаңа жағдайда жағымсыз құбылыстарды айла-шарғымен жағымды етіп көрсетіп, қоғамдық оң пікір қалыптастыру қаупі күрт өсіп барады. Сарапшылар бақыланбайтын әлеуметтік желілерде жалған жаңалықтар мен теріс насихаттың дендеп кетуі туралы ескертіп отыр. Азғыру мен арбауға негізделген мұнадай ақпарат саяси мақсаттарда жиі қолданылады», – деп тоқталды Тоқаев.

Оның пайымынша, бүгінгі әлеуметтік желілер арқылы тарайтын жөнсіз ақпарат заманында мұндай қауіпті құбылыстар ел ішінде белең алуы мүмкін.

«Менің ойымша, қазақстандық БАҚ әлемдегі ең жоғары стандарттарды бағдарға алуы тиіс. Елбасы еліміздің дәстүрлі құндылықтарын сақтай және ұлықтай отырып, қоғамның рухани өмірінің жаңаруына бағытталған «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасын жариялады. Осы тұжырымдаманы іске асыруда ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Идеологиялық кеңістікті ұлттық әлемдерге бөлу үрдістері туындап тұрған кезде – «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасының Қазақстан үшін маңызы зор», – деді Сенат төрағасы.

Осы орайда, ол Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген бағдарламалық мақаласынан кейін, бірқатар жобалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын еске салып өтті.

«Рухани жаңғыру» қоғамды қызу қолдау тапты және оны белсенді түрде жалғастыру үшін ауқымды істерді атқаруымыз қажет»,- деп түйді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<