Төбелес кезінде екі жасөспірім қаза тапты

488

0

Фото: Ашық дереккөз

Ақтөбеде топтық төбелес болып, екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

3 қаңтар күні сағат 00:10 шамасында «102» пультіне Ақтөбе қаласы Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында топтық төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы шықты.

Бұл дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің ҚК-тің 1, 9, 14-тармақтарымен қылмыстық іс тіркелді.

«Алдын ала деректерге сәйкес 2 қаңтарда «Instagram» желісінде кәмелетке толмаған А және В арасында жанжал туындап, нәтижесінде В келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. Сағат 23:00 шамасында топтық төбелес барасында кәмелетке толмағандар А және С пышақ қолдану арқылы келтірілген дене жарақаттарын алған», – делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Олар алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған.

Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<