Төраға қызылордалық командаға сәттілік тіледі

353

0

Фото: Аманат партиясы

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда облысынан «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарына қатысатын команда мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, оларға сәттілік тіледі.

Төраға өз сөзінде, жастарымыздың әскери-патриоттық тәрбие алуы мен Отанға деген адалдық, жауапкершілік сезімін нығайту жолында ұйымдастырылып жатқан әскери-патриоттық ойынның маңыздылығын атап өтті. Ол команданың әрбір мүшесіне күш-қуат, жігер мен табандылық тілеп, өңір абыройын асқақтатуға бағытталған ойында жеңіске жетулеріне сенім білдірді.

Айта кетейік, аталған республикалық ойын Қарағанды облысында 2-3 мамыр күндері өтеді.

Облыстық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған М.Сужиков атындағы №6 мектеп командасына республикалық ойында үздіктер қатарында көрініп, жеңімпаз атануына тілектестік білдіреміз!