Төреғали Төреәлі имиджін түбегейлі өзгертті (видео)

118

0

Сурет: Instagram/toregalitoreali

31 жастағы қазақстандық Төреғали Төреәлі көше музыкантының бейнесіне еніп көрді. Әнші өтіп бара жатқан адамдарға концерт ұйымдастырып, өз өнерін паш етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бейнені 2024 жылдың 2 шілдесінде Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

Жазбаға қазақстандық ақын Мұхтар Шахановтың өлеңінің үзіндісін қалдырған.

Бейнеде ол сұр сақал жабыстырып, гитарада ойнайды. Оның орындауы өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудартты. Олар тоқтап, әсем әуенге құлақ түрді. Соңында Төреғали сақалын шешіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

2023 жылдың соңында Төреғали сот тағайындаған жазасын – 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарды қалай өтеп жатқанын көрсетті.

Полиция 2023 жылдың 14 маусымда жол ережесін бұзған Төреғали Төреәліні ұстады. Әнші өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбады, дөрекі сөйлеп, оқиға орынан кетуге тырысты. Сараптама нәтижесі бойынша, ол есірткіге елітіп алған.

Әнші 20 күнге қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Кейін қамауға алу мерзімі полицияға бағынбағаны үшін ұзартылды. Қыркүйек айының соңында Төреғалидың тағы да сотқа тартылатыны белгілі болды. Бұл жолғысы оны ұстау кезінде полицейлерді қорлағаны үшін. Сот жеңілдететін жағдайларды ескеріп (Төреғалидың асырауында бес жас баласы барын), оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<