Төретам кентінде үшемді дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетілді

8

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінде үшемді дүниеге әкелген ананың шаңырағына арнайы барып, қуанышты сәтімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Құттықтау барысында аудан әкімі дүниге келген сәбилердің амандығын тілеп, олардың болашағы жарқын, дені сау болып өсуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ берекелі отбасыға зор денсаулық, шаңырағына бақыт тілеп, аудан әкімінің Алғыс хатын және естелік сыйлығын табыстады.

Еліміздің болашағы – дені сау ұрпақ пен аналардың амандығында. Осы бағытта аудан әкімі ана мен балаға көрсетілетін әлеуметтік қолдауларды күшейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра беретінін жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі