Төретамдық кәсіпкер бірнеше кәсіпті игеріп отыр

417

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Кәсіп қылып тіршілік бастаймын деген адамға бүгінде мүмкіндік көп-ақ. Әсіресе, өз өнімін шығарумен айналысамын дейтін жандарға мемлекеттің қолдауы жетерлік. Сондай қолдауға ие болып, кәсібінің қарқыны алға өрлеп, кәсіптен дәулет пен бақ-береке тапқан бүгінгі біздің кейіпкеріміз Төретам кентіндегі СПК «С-тройка» басшысы Көптілеу Тлекешов.

Көптілеу мырза 10 жылдан бері пластикалық есік және терезе өндірумен айналысып келе жатырған кәсіпкер. Кәсіпті нәсіп қылған ағамыз өз өндірісін кеңейтіп, жаңа бағытта кәсіп бастау мақсатында былтырғы жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Жоба арқылы алған несие қаржысына кәсіпкер брусчатка және термопанель, пластикалық есік пен терезе жасайтын стоноктар сатып алған. Бүгінде цехта 4 маман жұмыс жасап, күніне шамамен 15-20 дана есік пен терезе, брусчаткадан 30 квадрат метрге дейін шығаруда.

Негізі кәсіппен 2002 жылдан бастап айналысып келемін. Түрлі салада жұмыс жасап көрдім. Осы кезге дейін терезе мен есік пластикті шығарумен айналысып келдім. Жаңаша бағыттағы кәсіп түрімее айналысу ойымда болые келген. Осы ойымды «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жүзеге асырдым. Кәсіп жасаймын деген жанға бұл таптырмас жоба екен, – дейді Көптілеу Тлекешов.

Көптілеу мырзаның цехынан өндіріліп жатырған есік, терезе мен брусчаткалар, термопанельдер бүгінде ауданның тұрғын үйлері мен ғимараттарына пайдаланылуда. Тіпті, көршілес аудан мен қаладан да тапсырыстар түсуде.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<