Төтенше жағдайлар департаментінде «Наурыз» мерекесі ұйымдастырылды

140

0

Фото: Қызылорда облысы ТЖД

2025 жылдың 12 сәуірінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының ауласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қонақтарына арнап, «Наурыз» салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Игі дәстүр бойынша бұл күні ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылықтар дәріптелді. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы көрсетілді, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Арнайы мерекелік киіз үйлер орнатылып, палаткалар ұлттық стильде безендірілді. «Тұсау кесу» рәсімінен көрініс көрсетілді. Концерттік бағдаралама тамашаланып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев, өңірдегі азаматтық қорғау саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұсаев қатысты. Олар жеке құрамның қызметкерлері мен сала ардагерлерін «Наурыз» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар қызметте белсенділік танытқан қызметкерлер, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан сала ардагерлері, спорттық жарыстардың жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатысып, арнайы тақырыптық телесюжет дайындады.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<