Тоғызқұмалақ шеберлері сайысқа түсті

738

0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада басталды.

Биылғы жылы спартакиадаға Зияткерлік мектептерден жүзге жуық дарынды жас қатысуда. Қызылордалық зияткерлер командасы атынан 12-сынып оқушысы Досымжан Райымбек,
11-сыныптан Жұлдызай Мұнайтбасова, 9-сыныптың білім алушысы Жансая Досық пен 7-сыныптың оқушысы Ақберен Бақытберген мектеп намысын қорғайтын болады. Айта кету керек, өткен жылы сырбойылық құрама команда спартакиада кубогын жеңіп алған болатын.

«Бұл ойын қажымас қайрат, терең логикалық ойлау мен ойынға деген құлшынысты қажет етеді. Алдағы сайыста барлық спартакиада қатысушыларына сәттілік тілейміз. Жеңіс лайықты командаға бұйырсын», — деді өткен жылдың чемпионы Жұлдызай.

Тоғызқұмалақтан V онлайн спартакиада PlayOk платформасында 2022 жылдың 10-13 қазан аралығында қашықтан өтеді.
Ойыншылар рапид әдісі бойынша 3 жас ерекшелікте кезең-кезеңімен сайысқа түседі. Байқау аясында #Тоғызқұмалақта тапқырлық бар челленджі де бастау алды.

Айта кету керек, 2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<