Тойда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады (видео)

829

0

Коллаж: Ozgeris.info

Той нақты қай жақта өткені белгісіз. Бірақ Tik-Tok желісінде 5 млн қаралы жинап үлгерген той көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Qandastar.kz.

Онда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады. Тіпті ақшаға толы кілемді ресторанда жайып, қалыңдығының иығына жапқан. Желіде тараған видеоны көрген көпшілік түрлі пікір жазып жазуда.

«Өтірік ақша шығар деп ойлаймын», «Тойға ақша жеткізе алмай жатқанда дейсің ғой», «Тойын жасап жатқан әке-шешесіне жапса қайтеді екен!? Не үшін беріп жатыр, әрине, дарақы, астамшылық атын шығару», «Ысырапты Алла қолдамайды», «Қандай жиіркенішті», «Азғындық қой. Мақтанатын іс емес», «Қазақтарға ұқсамайды, қытай ұлты емес пе?», «Кредит алды ма екен қасқа бала», «Адамзаттың азғындағанының белгісі» десті әлеуметтік желі қолданушылары.

@news.com.au That’s how you make a girl feel like a queen! 🤑 This groom gave his bride the incredible gift of cash rolled out like a carpet, worth $1 million Phillipine pesos (around $25K) #wedding #weddingtiktok #weddinggift #moneytok #bridesoftiktok ♬ original sound – lily✨

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<