Қызылордада саябақтардың бірінде екі қыз төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеодан қыздардың бірі екіншісін жұдырықпен ұрып-соғып, тепкенін байқауға болады. Бір жігіт ажыратуға келіп, өзі де бойжеткенмен төбелеске кірісіп кеткен. Ер адамның соққысынан қыз жерге құлап, оған самокат лақтырған. Сосын екеуі бірін-бірі ұрып соққан.
Олардың жекпе-жегіне желі қолданушылары түрліше пікірлерін жаудырды.
«Қыз жекпе-жек өнерінің қандай да бір түрін меңгерген болса да, сырт көзге біртүрлі көрінеді екен», «Ұсқынсыз. Дым күлкілі емес», «Нашар кино сияқты», «Жарайсың жігітім! Бәрін дұрыс істедің», «Қыз екінші бір қызға шабуыл жасап, ұрып-соқты. Полицейлер бір шетте оларға қарап тұрды. Сосын жігіт келіп оларды тоқтатпақ болды. Толықтай цирк деуге болады», – деді олар.
Қызылорда қаласы полиция департаменті оғиғаға қатысты түсіндіктеме берді.
«Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<