«Tomiris» білім беру жобасына өңірімізден 3 талапкер іріктеуден өтті

820

0

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» білім беру жобасына конкурстық іріктеу аяқталды. Іріктеудің бірінші кезеңінде 205 адамның түйіндемесі мен мотивациялық хаттарына баға беріліп, финалдық кезең – сұхбаттасуға 72 адам өтті.

Екінші кезең бойынша конкурстық комиссия финалистермен сұхбат өткізіліп, конкурс нәтижесінде ашық дауыс беру арқылы, үміткерлер деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушылар саны 30-дан 42-ге артты. Іріктеуден өткен талапкерлер арасында Қызылорда облысынан 3 қатысушы тандалып алынды. Олар «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева, партияның облыстық филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гаухар Исмаилова және Жалағаш ауданындағы «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжайна Айтжанова.

Оқу 21 тамыз күні басталады. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. 21-25 тамыз аралығындағы оффлайн форматтағы оқыту, содан кейін 6 модуль аптасына 1 рет онлайн форматта өтеді.

«Tomiris» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының және Конрад Аденауэр атындағы қордың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<