Тоқаев Астана туралы: «Жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз

582

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда жасыл қала әрі тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында.

Президенттің айтуынша, әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді.

«Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін», – дейді Мемлекет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<