Фото: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын барып көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан бақылады.
Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында Мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті жөнінде баяндады.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys-1.jpg)
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадалық-тактикалық топтары авиацияның қолдауымен, сондай-ақ Құрлық әскерлері және Арнаулы операциялар күштерінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, судан өту арқылы қарсы жағалаудағы жау шебін басып алу үшін тактикалық іс-қимыл жүргізді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys1.jpg)
Ал Арнаулы операциялар күштері мен Ұлттық ұлан бөлімшелері шартты жау қолына өткен Қапшағай ГЭС-ін азат етті. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері техногендік апат салдарын жоюмен айналысып, халыққа гуманитарлық көмек көрсету міндетін атқарды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys2.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys3.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys4.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys5.jpg)
Қарулы Күштердің Бас штабы әзірлеген бірыңғай жоспар мен мақсатқа сәйкес әскерлер оқу-жаттығу жиыны өтетін аудандарға стратегиялық тұрғыда қайта топтастырылды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys6-1.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/tojtarys7.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/1tojtarys.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/2tojtarys.jpg)
Атап айтқанда, Әскери-теңіз күштері авиацияның және Арнаулы операциялар күштерінің қолдауымен Каспий теңізі акваториясындағы экономикалық қызмет нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/3-tojtarys.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/4tojtarys.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/5tojtarys.jpg)
Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарындағы полигондарда да осындай оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды.
Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<