Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

391

0

Сурет: akorda

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<