Қызылорда қаласының аумақтық қорғаныс ротасының қатысуымен «Торап-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Тактикалық оку-жаттығудың негізгі мақсаты Қызылорда қаласының аумақтық қорғаныс құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, соғыс жағдайында терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде арнайы және құқық қорғау органдары мен аумақтық қорғаныс әскерлерінің өзара іс-қимыл деңгейін жоғарылату болып табылады.
Арнайы шараға облысымыздың жұмылдыру дайындығы басқармасынан, аумақтық қорғаныс құрылымдарынан, құқық қорғау органдарынан және басқада мекемелерден жалпы саны 300-ден аса адам мен 32 дана техника (31-автокөлік, 1-тікұшақ) жұмылдырылды.





