Трамп билікке келе сала АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығармақ

44

0

Фото: ДДСҰ

Дональд Трамп президенттіктің тізгінін ұстай сала АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды DW.

Financial Times басылымының хабарлауынша, Трамп командасының мүшелері АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) шығатыны туралы 20 қаңтарда жаңа президенттің инаугурациясы күні жариялауды жоспарлап отыр.

Осылайша, ДДҰ ең ірі қаржыландыру көзінен айырылып қалмақ. Бұл оның коронавирус пандемиясы сияқты эпидемияларға төтеп беру қабілетін төмендетеді.

– Америка денсаулық сақтау саласындағы жаһандық көшбасшылық пен қаржыландыруда үлкен вакуум жасайды. «Оның орнын толтыра алатын ешкімді көріп тұрған жоқпын, – дейді Джорджтаун университетінің жаһандық денсаулық сақтау профессоры Лоуренс Гостин.

Оның пікірінше, АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықса, Еуроодақ елдері қаржыландыру үлесін көбейте қоймас, ал Қытай керісінше, өз ықпалын арттыруға тырысуы мүмкін. Ғалым ДДҰ енді «өте қиын кезеңдерге» тап болатынын атап өтті.

Осыған дейін Трамп пен SoftBank АҚШ-қа 100 млрд доллар инвестиция құятыны туралы хабарладық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<