Трамп Калифорнияда митинг өткізгелі жатқанда тапаншасы бар ер адам ұсталды

281

0

Фото: BBC

Калифорнияда АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың митингісі өтіп жатқан жердің маңында қарулы ер адам ұсталды, деп жазады ВВС.

Риверсайд округінің шерифі Чад Бианконың айтуынша, Лас-Вегастың 49 жастағы тұрғыны Вам Миллер Трамп көше қиылысында сөйлер алдында бір сағат бұрын ұсталды – ол қара түсті жол талғамайтын көлікте болған. Қолында шолақ мылтық, оқталған тапанша болған.

Полиция сондай-ақ оның бірнеше төлқұжаты мен жүргізуші куәлігі де болғанын айтады.

Ер адам бұған дейін қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген айыппен қамауға алынып, кейін 5000 доллар кепілдікпен босатылған. Оның тыңдауы келесі жылдың 2 қаңтарына белгіленген.

Билік оқиғаның Трамп пен митингіге қатысушылар қауіпсіздігіне әсер етпегенін айтты.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, тәртіп сақшылары Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекеттің жолын кесті. Бірақ оқиғаға қатысты көп сұрақ жауапсыз қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<