АҚШ президенті Дональд Трамп The Atlantic басылымына берген сұхбатында Венесуэланың уақытша басшысы Делси Родригеске «егер дұрыс әрекет жасамаса, оның өтемі Мадуронікінен де жоғары болуы мүмкін» деген қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды NBC News.
Трамптың пікірі бір күн бұрынғы риторикасының өзгергенін аңғартты. Онда ол Родригестің Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен «сыпайы» сөйлескенін мәлімдеген.
Алайда, сенбі күні Родригес Николас Мадуроның «Венесуэланың жалғыз президенті» екенін мәлімдеп, оны «дереу босатуға» шақырды.
Жексенбі күні кешке Air Force One бортында тілшілерге сөйлеген сөзінде Трамп: «Бізге олардың еліндегі мұнай мен басқа да ресурстарға қол жеткізу қажет, бұл бізге олардың елін қалпына келтіруге мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді.
Испан тілінде жазылған сөзінде Родригес Венесуэла АҚШ-ты «халықаралық құқық аясында» бірлесіп жұмыс істеуге шақырғанын мәлімдеді.
— Президент Дональд Трамп, біздің халқымыз бен аймағымыз соғысқа емес, бейбітшілік пен диалогқа лайық. Бұл әрқашан президент Николас Мадуроның ұстанымы болды және қазіргі уақытта бүкіл Венесуэланың ұстанымы, — деп жазды Делси Родригес.
Бұған дейін Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті болғаны туралы хабарланған болатын.






