Түркияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

364

0

Түркияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді Биыл 24 маусымда Түркияда кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтеді. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Режеп Ердоған: “Түркия тез арада президенттік басқару жүйесіне өтуі керек. Ескі басқару жүйесі жұмыс істеуге кесірін тигізеді. Сондықтан елде уақытынан бұрын сайлау өткізу қажет,” – деді.

Бұл шешімді президент Ұлттық қозғалыс партиясының лидері Девлет Бахчелимен кездесуден кейін қабылдағанын айтты. Бахчели 17 сәуірде ел парламентінде ерте сайлау өткізуді ұсынған.

Айта кетейік, Түркияда сайлау 2019 жылы қарашада өтуі тиіс еді.

Дереккөз:  CENTRALASIAN.ORG

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<