Ашхабадта мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда қызмет ететін әйелдерге тырнақты өсіріп, бояуға, кірпік жалғатуға, шаштың түсін кетіруге және алтын бұйымдар тағуға тыйым салынды.
Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Басылымда хабарланғандай, аталған тыйым биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген.
«Ашхабадта шаш қиятын және әрлейтін орындарды, сұлулық салондарын әкімдік қызметкерлері аралап, көрсетілетін қызмет тізімінен шаш түсін кетіру, кірпік және тырнақ жалғау қызметтерін алып тастауға «кеңес беруде», – делінеді басылымда.
Сонымен қатар түркіменстандық басылымның мәліметінше, Түркіменстан кедені шаш бояуға арналған ақшыл түсті бояуларды, шаш түсін кетіретін құралдарды өткізбей жатыр.
Сондай-ақ, елге тырнақ пен кірпік жалғауға арналған материалдарды әкелуге тыйым салынған. Бұл жағдайдың салдарынан мемлекеттегі әйелдерге арналған өнімдердің 50 пайызға қымбаттауына алып келді, делінеді БАҚ-та.
Ал сәуір айынан бастап дүкен сөрелерінде қалған шаш түсін кетіретін құралдарды, тырнаққа арналған гельдер мен осы тәрізді басқа да тауарларды жою көзделіп отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<