Тәртіп сақшылары марапатталды

424

0

Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда облыстық Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға ардагерлер, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты.
Шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 15 қызметкері  марапатталды. Атап айтқанда,  департаменттің Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Саден Нұрбол «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталса, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  Жергілікті полиция қызметі бөлімінің жол-патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция майоры Анафин Кенжебек ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен марапатталды.
Сондай-ақ Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлының бұйрығымен департаменттің 182 қызметкерлері, ардагерлері марапатталды.
«Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін», – деді департамент бастығы.  
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара соңында полиция қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға шақырылған ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырған Департамент басшылығына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<