ОІІД Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесе балалардың жазғы каникулда тынығу кезінде қала аумағында кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу, кафе-барлар, компьютерлік клубтар және түнгі мезгілде жасөспірімдердің заңды өкілдерісіз тұрғын-жайдан тыс жерлерде жүру деректерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабына сай, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген Қызылорда қаласында компьютерлік клубы анықталып, әкімшілік меңгерушісіне хаттама толтырылса, осы компьютерлік клубқа түнгі мезгілде заңды өкілісіз ойын-сауық мекемесіне кіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімімен 2 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне 7215 теңгеден айыппұл салынды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен, яғни заңды өкілдерісіз тұрғын-жайдан тыс жерлерде сағат 23:00-ден кейін жүргені үшін 9 кәмелетке толмағандар анықталып олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып ескерту жасалды.
Рейд барысында қаңғыбастыққа салынған және ата-анасының қадағалауынсыз қалған 3 кәмелетке толмағандар анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.
Жасөспірімдердің жазғы каникул кездерінде кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында рейдтік іс-шаралар айдың аяғына дейін жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<