ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕ

359

0

ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр. Осыған байланысты сейсенбі күні банктің облыстық филиалында салтанатты шара өтті.

Онда филиал директоры Әділжан Сәулебаев, банк филиалының негізін салушы Жүсіп Тасқынбаев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов ұжым мен салымшыларды атаулы күнмен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Ал облыстық филармония өнерпаздары ән айтып, би билеп, шараның мазмұнын аша түсті. Сонымен қатар, осы күні үздік қызметкерлер, әлеуметтік желіде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары марапатталды.

Қазіргі күні аймақта банктің 48 мыңнан астам салымшысы бар. Табысы орташа деңгейдегі азаматтар үшін банк ұсынған мүмкіндік тұрғын үй алудағы тиімді жүйеге айналды. Биыл халықты баспанамен қамтуға бағытталған «Нұрлы жер», «Өз үйім», «7-20-25» бағдарламаларының шарттары жеңілдетілді. Әскери мамандар үшін де тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, баспаналы болуға жол ашылды.

– «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктердің ипотекалық үстемесі 7 процент болса, біздің банк 3-5 жылда қажет қаржының тең жартысын өтеген жағдайда оны 5-тен 3,5-4,5 процентке дейін төмендетеді, – дейді филиал директоры Әділжан Сәулебаев.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<