Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары өз депозитін сата алады

307

0

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары өз депозитін сата алады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы боламын деп, ұзақ уақыт қаржысын жинаған адамдар өз депозитін қалаған адамына сата алады. Бұл туралы банктің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, депозитті бір рет қана сатуға болады және оның жинақталған уақыты бір жылдан кем болмауы керек екен.

«Банкте ақшасын жинап, енді пәтер алатын уақыт келгенде кей адамдардың жеке мәселесі туындап, ақшаны қайтарып алғысы келетін жағдайлар жиі кездеседі», – дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде.

Осыған дейін салымшылар өз депозитін тек жақын туысына ғана сата алатын еді.

Айта кету керек, өзгенің депозитін сатып алған адам ол салым арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Бар болғаны қаржы нарығындағы пәтер сатушылардан сатып алуына рұқсат етіледі.

Сатылатын депозиттер туралы ақпарат банк сайтында жарияланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<