Тұрғын үйлерге ауыз су кіргізілді

274

0

Кеше Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Жалғызағым елді мекеніндегі бастауыш мектептің жағдайымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың ауылдағы бірқатар мәселелері жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Одан соң таза ауыз су кіргізілген үйлерде болып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Өткен жылы аудан әкімінің есепті кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су құбыры үйге дейін кіргізілсе деген ұсыныс түскен болатын. Бүгінде аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде елді мекендегі 30 тұрғын үйге таза ауыз су кіргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<