«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлескен кезекті шараларының бірі «Жайна» сауда орталығында өтті. Кеңес беру орнының сауда үйлерінде орналасуы кездейсоқ емес. Себебі бұл жер тұрғындардың ең көп шоғырланатын орны. Мұнда әр саланың жауапты мамандарының көмегімен кез келген тұрғынға баспана алу, кәсіп ашу, құқық қорғау және тағы да басқа өздерін толғандыратын мәселелері жайында толық ақпарат ала алады. Кеңес беруге құқық қорғау органының өкілі, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аймақтық филиалының консультанттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен заңгер қатысты. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар айтылды, заңнамаларға түсіндірмелер берілді, сұрақтар қойылды, жауаптар берілді. Ақпараттық таратпа материалдар үлестірілді. Ұйымдастырылған «Кеңес беру» іс-шарасының пайдалы кеңесі мен тұшымды ақпараттары қала тұрғындарының игілігі үшін пайдалы істердің қатарында болатынына сеніміміз мол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<