Түсінде көрген сандары америкалықты байлыққа кенелтті

196

0

Америкалық Мэриленд тұрғыны Ричард Джойнер түстерінің арқасында екі рет байлыққа кенелді, деп хабарлайды UPI.

Оның айтуынша, ол түсінде төрт, сегіз, бес және алты сандарын көрген. Ол виртуалды бәйгеде осы нөмірлі аттарға ақша тігуді жөн деп тапқан. Соның арқасында бас жүлдені – 15 252 долларды олжалады.

Джойнер бұдан да ірі көлемдегі соманы иемденген: қыркүйекте 39 697 доллар тапқан. Ол кезде де түсінде көрген сандарға сенген.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<