Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

371

0

Түсіндірме жұмыстарын жүргізді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілетті индекстің индикаторларын жақсарту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында жұмыс кездесуі өткізілді.

 Жиынға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында облысымызда бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту, әкімшілік кедергілердің бақылау-қадағалау функцияларын төмендету, құқық бұзушылықтарға қатысты ІІМ-нің тарапынан қабылданып жатқан шаралар жайы, қылмыстың «ізін суытпай» ашу және тергеу қылмыстары, сонымен қатар кәсіпкерлік және бизнес субъектілеріне қол сұғушылықтарға қатысты сұрақтар қаралды.

Жиын барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Асқар Оңғарбаев  сөз алып, полиция қызметкерлері тарапынан қылмыстық орта беделділерін анықтау, олардың қылмыстарын әшкерелеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын ескертіп, егер де кәсіпкерлікпен айналысу барысында белгілі бір кедергілерге тап болсаңыз жедел түрде ішкі істер органдарына хабарлау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 266-бабында қылмыстық топтың әрекетін қаржыландырғаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескерте отырып, егер де кәсіпкер бұл туралы өз еркімен мәлімдесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығын баса көрсетті.

Кеңес соңы талқылауға ұласып, жиналғандар толғандырған мәселелер төңірегінде өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жиын қылмыс пен зомбылық салдарынан бизнеске шығындар, яғни коммерциялық фирмалар және кәсіпкерлерге елеулі шығысқа және шығынға әкелетін қылмыстық құқық бұзушылықпен күресу, қылмыстың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыстар атқару қажет деген түйінмен қорытындылады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<