Шиелі ауданында «Өзіңді туберкулезден қорға» атты облыстық акция өтті. Акцияға облыстық туберкулезге қарсы диспансер дәрігері А.Кулманова, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ж.Шохаева, аудандық туберкулезге қарсы бөлімше дәрігері Ж.Нұрмағанбет және аудандық Жастар денсаулық орталығының дәрігері Л.Аширова қатысты. Акция барысында туберкулездің алдын алу бағытында баяндамалар оқылып, оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Акция соңында белсене атсалысқан оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар ұсынылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<