Түлектер болашаққа жолдама алды

1036

0

Бүгін Қармақшы ауданында мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталды. Салтанатты шара Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде өтті.

Түлек жадында мәңгі сақталар жиынға ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар қатысты.

«Үлкен білім ордасынан тағы да бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Бұлар – еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатар егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. Біз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеміз. Сәттілік серіктерің болсын», – деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

Айта кетейік, Қармақшы ауданының барлық білім беру ұйымдарында 594 мектеп бітірушінің 539-ы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, олардың 30-ы «Алтын белгі» төсбелгісін қорғап шығып, 42 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.

Сонымен бірге биыл 13 оқушы жалпы пәндер бойынша облыстық деңгейде, ал 3 оқушымыз Республикалық олимпиадаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.

Жиын соңында мектеп бітірушілер өздерінің ұстаздарына деген ақжарма тілегін арнап, әннен шашу шашты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<