Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

270

0

Өткен аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 27 жылдығы мерекесіне орай Қызылорда әскери гарнизонының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікті ту еткен, Қазақстан» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға қаламызда орналасқан ҚР Қарулы Күштері басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдері,  Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы, Қызылорда гарнизонын қамтамасыз ету бойынша әскери полиция бөлімшесі, Қызылорда теміржол учаскесі мен станциясындағы әскери тасымалдар комендатурасы, облыстық қорғаныс департаменті, әскери техникалық мектеп қатысты.
Алдымен, 66597 әскери бөлімінің офицері Т.Бәйгебаев тәуелсіздік мерекесінің бұйрығын оқыды.
Аталған бұйрыққа сәйкес, Қызылорда әскери гарнизонының бастығы майор Е.Әбдірайым еліміздің қорғаныс саласының қарқынды дамуына жыл бойы үздіксіз үлестерін  қосып жүрген бір топ әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдардың еңбектерін елеусіз қалдырмады. Арнайы ҚР Қорғаныс министрлігі атынан төс белгілер мен гарнизон бастығы атынан алғыс хаттарды табыстады.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері медалімен» Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов марапатталды.  
I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» подполковник И.Прнашев, II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» майор Н.Қыдыр, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» капитан А.Байбатыров пен капитан Д.Астанчук әскери төс белгілерін иеленді.  
Сонымен қатар, 66597 әскери бөлімінің майор Ж.Жүсіпов, капитан А.Бейсембек, ефрейтор А.Бақбергенова, 5547 әскери бөлімінен майор С.Кидиров, 10216 Д әскери бөлімінен сержант И.Лян, кіші сержант Г.Каюпова, қатардағы жауынгер А.Қанбаева, Әуе қозғалысын басқару орталығынан капитан А.Елеулиев, Әскери көлік комендатурасынан кіші сержант А.Ахметқали, қорғаныс департаментінен майор Е.Абдуллаев, кіші сержант А.Байсупакова, азаматтық персонал А.Байсупаков, С.Туремуратова, А.Ибадуллаева, әскери техникалық мектептен 1 сынып сержанты Н.Қаражанов, С.Ким, Ә.Алтынбаева марапатталды.
Мереке қарсаңында әскери тақырыпта қалам тербеп, айбыны асқақ рухы биік қазақ әскері туралы дүйім халыққа салмақты мақалалар мен бейнетүсірілімдерді жеткізіп, жүрген өңіріміздің журналистерінің де ерен еңбегі бағаланды.
«Qyzylorda» телеарнасының редакторы А.Тәжиев, қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының телеоператоры Е.Жұматаев, Қызылорда облыстық Ішкі саясат  басқармасының ақпарат және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің әдіскері Ж.Кәрімова, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ш.Бекбан алғыс хаттарға ие болды.
Салтанатты кеш М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қортындыланды.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<