Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

561

0

Сурет: Ашық дереккөз

Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен 43 556 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Сирияда белсенділер 6747 адамның қаза тапқанын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Түркияда 6 ақпан күні Сириямен шекарада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 556-ға жетті.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен ондаған мың адам жарақат алды.

6 ақпанда Түркия-Сирия шекарасында магнитудасы 7,8-ге жеткен жер сілкінісі салдарынан ондаған мың адам жарақат алып, ауруханаларда жатыр. Көптеген адам қыс ортасында баспанасыз қалып, гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 млн-ға жуық адам зардап шекті. Мамандар жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 млрд доллардан (18,8 млрд еуро) астады деп бағалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<