Түркияда 2 қазақстандық іздестірілуде

654

0

Фото: Ашық дереккөз

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалған Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мируспен бірге оның үш әріптесі де байланысқа шықпай қалды: Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова, Kubilay Keskin», – деп жазды Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін Хатай қаласына өз бара жатыр. Astana Hub басшысы олардың орналасқан жері туралы бірнеше ілгек барын айтуда.

Айта кетейік, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті. Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<