Түркияда қаза тапқан әйелге қатысты жаңа дерек шықты

653

0

Сурет ашық дереккөзден

Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуынан қаза тапқан әйелге қатысты жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Түркияда Арайлым Бағытжан мен оның сәбиі мерт болды. Күйеуі ауруханада жатыр.

«Белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр.

Марқұмдардың мәйітін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді ол.

Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 3 адам қаза болды.

Көлікте болған Қазақстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды. Ал ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық сәби ауруханада қайтыс болды.

Екі көлікте болған 17 адам зардап шекті, олардың алтауы – түрік, жетеуі – израильдік, екеуі – ресейлік, тағы екеуі – Қазақстан азаматы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<