Түркияда қазақстандық әйел мен екі жасар бала қаза тапты

604

0

фото: trthaber.com

Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуынан, алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам қаза болды, олардың екеуі – қазақстандық, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Апат салдарынан сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы Арайлым Нұғманова оқиға орнында көз жұмды. Ресейлік турист Ольга Жукова және 2 жасар қазақстандық Сымбат Нәсіпғали ауруханада қайтыс болды.

Екі көлікте болған 17 адам зардап шекті, олардың алтауы – түрік, жетеуі – израильдік, екеуі – ресейлік, тағы екеуі – Қазақстан азаматы» деп жазды басылым.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<