Түркияда тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр

492

0

 Фото:vizitnlo.ru

Түркияда зілзаладан кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері – Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оның іздеу жұмыстарын бастадық», – делінген ведомство хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<