Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.
Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<