Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Екі адамның жағдайы орташа, оларға операция жасалды. Қалған 10 адамның, оның ішінде 4 баланың жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалаған.
Айта кетейік, 30 шілдеде таңертең Аланьяда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жол апатына түскен болатын. Автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жүк көлігіне соқтығысқан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<