Түркиядағы қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

683

0

Фото: Ашық дереккөз

Түркияда тұратын қазақстандықтар жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 25 млн теңгеден астам қаражат жинады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біз кеше ақша жинауды бастадық. Түнге дейін 25 млн теңге жиналды. Бірден супермаркетке барып, осы қаражатқа азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алдық. Бәрін жүк көлігіне тиеп, Кахраманмараш қаласына жібердік. Қаражат жинау дереу жабылды. Алайда, бей-жай қарамайтын азаматтар қаражат жіберуін тоқтатпады. Осылайша, тағы 9 млн теңге жиналды. Оған балалар тамағын сатып алуды жоспарлап отырмыз», – деді «Шаңырақ» мейрамханасының иесі Данияр Иманбеков.

Бұл көмекті ұйымдастыруды белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұсынған. Оларға Стамбулдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері де көмектескен.

Фото: Ашық дереккөз

Соңғы мәліметтер бойынша, елде зілзаладан қаза тапқандар саны 7 108-ге, жараланғандар 40 910-ға жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<