Түркиядағы жол апаты: ауыр жарақат алған қазақстандық қайтыс болды

422

0

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан қазақстандық турист көз жұмды. Бұл хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Аланиядағы апаттан зардап шеккен жолаушылардың бірі бүгін таңертең ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқан ҚР азаматының ұлы бүгін Анталияға келді және қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған бүкіл қажетті көмек көрсетіледі», – деп жазылған ҚР СІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соғылған. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азаматы) оқиға орнында көз жұмды.

Апат орнына полиция мен медицина бригадалары дереу жіберілген. Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Бүгін жол апатынан екі қазақстандық жарақат алғаны, оларға ота жасалғаны хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<