Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарышта Ататүріктің сөзін еске алды

641

0

Фото: Midjourney

Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарыштағы сөзін Ататүріктің сөзімен бастады – TRT

Флоридадағы ғарыш орталығынан Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының ғарыш сапары басталды.

«SpaceX» ғарыш кемесі, соның ішінде Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығындағы 39А ұшыру кешенінен жергілікті уақыт бойынша сағат 16.49-да (Tүркия уақытымен сағат 00.49) сәтті ұшырылды.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. 

Ғарыш көлігі сенбі күні Түркия уақытымен сағат 13.15-те Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жетеді деп жоспарланған болатын.

«TRT»-ның мәліметінше, «SpaceX» өзінің «X» желісіндегі аккаунтында Халықаралық ғарыш станциясына сапарын бастаған «Dragon» капсуласындағы «Ax-3» командасының алғашқы сезімдерін тікелей эфирде көрсетті.

Гезеравжы ғарыштағы алғашқы сөзінде, «Мен Түркияның ғарыштық миссиясы үшін тұңғыш түрік ғарышқа қадам басқан кезде Ұлы Ататүріктің сөздерімен бастағым келеді. Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дана сөзі: «Болашақ аспанда», деді.

Айта кету керек, осы сапар арқылы «Түркияның тұңғыш ғарышкері» атағын да алған Гезеравжы ХҒС-те 14 күн бойы 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасау жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<