Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

808

0

Фото: Ғани Назарбек парақшасынан

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жаңалықты Ғани Назарбек есімді экобелсенді өз Facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, бәйшешек Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында өсіп шыққан.

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

«Бұл қалыпты жағдай. Күннің жылынуы мен жер қабатындағы ылғалдыәсерінен өсіп шыққан. Өткен жылы қаңтар айында бәйшешек гүлдеп, суырлар оянып кеткен болатын. Биыл бір айға кеш шықты. Мұның өзі де өте қауіпті. Себебі, күн бірден суып кетсе, үсіп кетеді», – дейді экобелсенді.

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

Дала гүлі сондай-ақ Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында да бүршік атты.

Ал, әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға оқырмандар тарапынан әртүрлі пікірлер жазылып жатыр.

Мәселен, олардың арасында «Көктем жаңашылдық, бақыт, жақсылық әкелсін!», «Көктем келе жатыр. Соның белгісі», «Наурыздың нышаны» секілді пікірлер бар.

Фото: facebook.com/syrdaryaturkistan.motp

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<