Түркістан облысында «келінді» жүк көлігімен әкелген

287

0

Сурет: polisia.kz

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік нөмірін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды.

«Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде Volvo FH жүк көлігінің жүргізушісіне бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын айдағаны үшін 5 хаттама толтырылды», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар Lada 21144 көлігінің жүргізушісіне үш, ал Lada Granta FL жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<