Түркістан облысында полиция 4 жыл бұрын жоғалған қызды іздеп тапты

193

0

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 4 жыл бұрын жоғалып кеткен қызды тауып, анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Төлеби аудандық полициясы осыдан 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалған жас қызды үздіксіз іздеу нәтижесінде аман-есен тауып, анасымен қауыштырды. Осылайша талай жылдарды туған қызын күтіп, аңсаумен өткізген ақ жаулықты анаға сүйінші хабар жетті!

Нақтырақ айтсақ, 2021 жылдың жаз айында жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылар барлық қажетті тергеу әрекетін атқарған.

Бірнеше жыл өтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісі жалғасып, нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар айында бір-бірінен көз жазып қалған анасы мен қызының кездесуіне ықпал етті. Әйел қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<