Түркістан облысында президент кортежі жүріп өтетін жолда жасырылған қару-жарақ табылды

378

0

Фото: akorda.kz

Түркістан облысында президент Тоқаевтің кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде жасырылған қару-жарақ табылды. 

Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Түркістан облысында мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарақ тапты”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<