Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды

399

0

Фото: Pyxabay.com

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», – делінген ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<