Түркістан облысында шетелге бензин мен дизель әкетудің 94 фактісі тіркелді

618

0

Түркістан облысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 94 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель тәркіленіп, 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өндірілген.

Еске сала кетейік, Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес, мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан автомобильмен әкетуге алты айға тыйым салынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<